«NI LabVIEW» оқу орталығы

LabVIEW-ке байланысты, бірақ форумның басқа тармақтарына келмейтін тақырыптар
Ответить
Аватара пользователя
ladik

Silver
developer
developer
Сообщения: 275
Зарегистрирован: 18 ноя 2014, 11:45
Награды: 1
Версия LabVIEW: 2015, 2019
Откуда: Екатеринбург
Благодарил (а): 4 раза
Поблагодарили: 3 раза
Контактная информация:

«NI LabVIEW» оқу орталығы

Сообщение ladik »

1.png
Оқу орталығы туралы қысқаша ақпарат:
_____
Университет: Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Факультет: Ақпараттық технологиялар факультеті
Кафедра: Ақпараттық жүйелер
Зертхана: «NI LabVIEW» оқу орталығы, корпус УЛК, ауд. 801-802
Жетекшісі: Серік Алғожаұлы Құлмамыров, т.ғ.к., Қазақстан Республикасының Халықаралық ақпараттандыру академиясынын академигі, доцент
Телефоны: +7 (7172) 709500, ішкі 34115, моб. +7 700 921 2128
E-mail: kulmamirov_sa@enu.kz
Торап: http://ni.enu.kz
Мекен-жайы: Мұңайтпасов көш., 11 үй, Астана қ., Қазақстан Республикасы, 010010
____________
«NI LabVIEW» оқу орталығы
2013 жылғы қазан айында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «National Instruments» америка компаниясының Мәскеудегі (Россия Федерациясы) өкілдігі бірлесуімен табысты жұмыс істеуге бағытталған «NI LabVIEW» оқу орталығы ашылды.
Бұл Орталық біздің университеттің халықаралық қызметі қолдауымен білім беру және ғылыми-зерттеу саласында американдық компаниямен бірлескен шаралар мен іс-әрекеттерді орындау және ұйымдастыру мақсатымен қалыптасқан.
Жалпы алғанда әлеуметтік және дербес «NI LabVIEW» оқу орталығының басты жұмысы орасан зор кәсіби өсуге, білікті инженер саласындағы мамандарды даярлауға және білім алушылар замануи ұтқырлықты ғылым мен техника саласын игеруге бағытталған.
Орталықтың техникалық, оқуға керекті шағын электрондық жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыздандырылуы техника саласындағы мамандарды дайындаудағы университеттің келесі үздік кафедраларынығ зертханаларында пайдаланылады:
- ақпараттық жүйелер;
- информатика және бағдарламалық инженерия;
- есептеу техникасы;
- автоматтандыру мен басқару;
- ғарыш техникасы мен технологиялары.
- радиотехника, электроника және телекоммуникациялар№
Орталықтың материалды-техникалық қор негізін қазіргі заманда жете дамып келе жатқан өнеркәсіптегі ұтқыр технологияларды қолдануы мен кешенді бақылау-өлшеу үдерістерін техникалық жабдықтармен жетік игеруде үздік дамыған әлемге әйгілі америкалық «National Instruments» компаниясының сандық технологиялары мен бағдарламалары құрайды.
NI компаниясы 30 жылдан астам уақыт бағдарламалық өлшем және ақпараттық кешендерде сандық виртуалды ортаны пайдалана отырып қазірдің өзінде автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелерді жетік қолдану саласында көшбасшы мекеме болып табылады.
NI компаниясының өнеркәсіптік технологияларды ортақ платформаға біріктіруде табылған шешімдері, бірыңғай бағдарламалық-ақпараттық кешендер және виртуалды саймандар мен құралдарды оқу үдерісінде қолдану идеясы біздің университеттің «NI LabVIEW» орталығының негізгі стратегиясы болып саналады.
Сонымен бірге модулдік құрылымдағы NI жабдықтармен және бағдарламалық қамтамасыздандырылуы шағын шығын жұмсау арқылы білім алушыларды жоғары деңгейде пән аралық оқыту үдерісін құруға үлкен септігін тигізуі баршамызға мәлім.
Орталықтың техникалық базасын қолдану арқылы қиылыстырып құрастырылған замануи үдерістің ерекшелігі төменгі курстан жоғары курсқа дейін білім бағдарламасының пәндерін өзара байланыстырып оқыту, өндірістік практикадағы жұмыстарды диплом жобалары тақырыптарымен сәйкелестендіру, диссертациялық жұмыстарды халықаралық деңгейде жетік жасап жоғары деңгейде қорғау болып табылады.
Орталықтың кешенді қамтамасыздандырылуын университеттен шалғай нысандарда да (өнеркәсіптегі университет кафедраларының дербес бөлімшелерінде) қолдануға болады.
Университеттің оқу зертханалары кешенін бірыңғай платформада құрап жарақтандыру мақсатында құрылған «NI LabVIEW» оқу орталығы өз қызметінде NI Multisim және LabVIEW бағдарламаларын уйренуді білім алушыларға насихаттайды, оларды игеру арқылы электрондық құрылғылардың сұлбаларын ұтқырлы қосымшалармен қолдану саласын біздің елімізде жандандыруға септігін тигізуге керекті мамандар қатарына енетінін үгіттейді.
Білім алушылар өз қолымен жасап көріп, іске асырып, оны қолдануға керекті келесі автоматты өлшеу тәсілдерді және жаңа алгоритмдерді, тестілеу және басқару кешендерін игере алады:
- Multisim - электр сұлбаларын құруға бейімделген эмулятор, ол қамтыған көптеген дайын сұлбаларды қолданушы өз идеясымен құрастырып, жинақтап, баптап, іске асыру бағдарламасы. Білім алушыға мнтерактивті Multicap бағдарламалық құралмен байланыстырып жұмыс жасау мүмкіншілігі қарастырылған. LabVIEW Signal Express бағдарламасымен де сәйкестендіріп қолданушының өзіндік бағдарламалық қосымшаларының жұмысын, іс-әрекеті мен шараларын қолдауға мүмкіншілігі бар бұйым;
- Ultiboard – құрастырылған электр сұлбаларын біріктіріп жинақтап жасалынған тақтайшаларды жасауға керекті құрал. Multicap құралымен біріктіре қосылып жасалынған электр сұлбалары тақтайшасының нобайын жасайтын бағдарлама ретінде бүкіл әлемге әйгілі құрал. Санды технологияда керекті бұйымдарды құру үдерісін алдеқайда жылдамдататын және өнеркәсіп интерфейстерімен біріктіріп қолданатын саймандар кешенін жасауға өте керекті бұйым.
- Ultiroute – жасалынған электрондық қосымшаларды автоматты түрде байланыстырып ыңғайлы пішінде құрастыратын құрал. Ultiboard-тың графикалық интерфейстік бағдарламалармен бірігетін қасиеті өнеркәсіпте кеңінен дамыған.
- NI LabVIEW - виртуалды аспаптарды құруды, сұлбаларды тестілеуді, қарапайым және күрделі өлшеулерді жасауды, электр бұйымдарын өңдеуді сипаттайтын және бағдарламалайтын графикалық орта;
- Signal Express – сұлбалар мен санды құрылғыларды жинау, өңдеу, автоматтандыру және ортақ платформаға келтіріп сақтайтын интерактиті бағдарламалық қамтамасыздандыру ортасы;
- NI ELVIS – санды технологияларда қолданылатын деректерді жинауды, макеттерді қалыптастыруға керекті аспаптар мен құралдар жиынтығын құрауды іске асыратын, білім алушылардың оқу үдерісіне аса керекті жабдық. Инженерлік мамандықты игерудегі пәндердің көп тәжірибелік жұмыстарын виртуалды өлшеу құралдарын қолданып орындауға жабдықталған арнайы түп тұлға.
Multisim - Ultiboard – Ultiroute бағдарламалы кешенмен сәйкестендіріліп жасалынған бағдарламалық қамтамасыздандырулар қазіргі әлемде ақпараттық жүйелерді және үдерістерді автоматтандыру арқылы басқаруды жетік іске асыратын электрондық бұйымдарды қолданушыға аса керекті жасау ретінде ізденілген кешен болып саналады.
Арнайы платформалар мен электронды санды құрылғылар ретінде жарақтандырылған университеттің «NI LabVIEW» оқу орталығының әмбебап кешендерінде келесі модулдік платформалар жинақталған: NI ELVIS, NI PXI, NI RIO и NI Compact Field Point.
Бұл жинақтар тәжірибе жүзінде кез-келген инженерлік білім бағдарламаларының пәндерінде қарастырылған мәселелерді іс жүзінде орындап, баптап, байқау өткізіп, орындау тәсілін дәлме-дәл сынақтайтын құралдар жасау ретінде жоғары білім саласында аса жиі қолданылатыны сөзсіз.
Әсіресе «Ақпараттық технологиялар» факультетінде біріктірілген 5 кафедралардың басқа да оқу зертханаларының бейіндерін болашақта әмбебап біріктіріп аккредиттелген білім бағдарламаларының құрылымын жуңіл түрде жаппай іске асырылуына бағытталған замануи мәселелерді шешуде қолдану үшін ашылған «NI LabVIEW» оқу орталығының әлеуметтік маңызы зор. Аталмыш бағыттар Қазақстан Республикасының білім жүйесін ұтқырлы санды технологиялардың және талап етілуші инновацияның замануи үрдісі мен даму бағытына сай келеді.
Осыған орай «NI LabVIEW» оқу орталығы оқу зертханаларына аса керекті қондырғылар жиынтығымен жабдықталған. Жиынтық құралдары ақпараттық жүйелердегі бұйымдарды сипаттау, жобалау, жасау, автоматтандыру, тестілеу амалдарын қолдануға және жаңа әдістерді білім алушылар өзіндік үйреніп білуге септігін тигізеді, алынған және игерілген білімдерді радиоэлектронды өнеркәсіптерте немесе робототехникалық кешендерде қолдануға, басқару алгоритмдерін іске асыруда мәні зор болып саналады.
Білім алушылар университет қабырғасында жүргенде «NI LabVIEW» оқу орталығының қабырғасында ақпараттық жүйелер мен технологиялық үдерістерді, оларды басқарудың замануи әдістерімен танысуға іс жүзінде машық алады. Рет-ретімен сандық құрылғыларды жобалау әдістерімен, алгоритмдерін шешумен, басқару жүйелерінің қазіргі заманғы технологияларын пайдаланумен, баптау және реттеу базалық зияткерлік жоба кешендерімен танысып игеруге септігі тиеді. Күрделі инженерлік мәселелерді іске асыруға керекті тәжірибелік дағдылар мен инженерлік шешімдерді, білімді игеруге тиісті зертханалық жұмыстарды игереді.
Осылайша, біздің университеттің жас білім алушыларының болашақ мамандыққа кәсіби бейімдеуге керекті «NI LabVIEW» оқу ортасында жұмыс істеудің қорытындысы ретінде біздің ел өндірісіне нақты керекті сұрастырылған мамандарды дайындау үдерісі кеңейіп, болашақ түлектер игеріп отырған білім бағдарламасын орындаудың сапасы едәуір артады деп сенеміз.

____________
Оқу орталығының негізгі бағдарламалық қамтамасыздандыру құрамдары:

LabVIEW. LabVIEW бағдарламасы – бұл өазіргі заманның сұранысына сәйкес жасалынған бақылайтын, өлшейтін, диагноз жасайтын виртуалды қондырғылар жиынтығы және ақпараттық жүйелер мен санды деректерді талдайтын, талдау нәтижелерін жинақтайтын, графикалық түрде өңдеп, нәтижесін қолайлы түрде сақтайтын бағдарламалық орта. Уақыт өте келе инженер мамандарына керекті ақпаратты әмбебап виртуалдық аспаптар мен ұтқырлық санды құралдар жиынтығы, графикалық түрде өндірісте кездесетін үдерістерді бағдарламалап бейнелеу ортасы.
National Instruments компаниясы қолданушыларға өз мұқтаждығын тез арада іске асыруға керекті мүмкіншілігі ең қолайлы алуан түрлі нұсқаларды, олардың нобайларын жинақтайтын, оның бағдарламалық қаматамасыздандыруын LabVIEW ортасында жасалынған виртуалды аспаптар көмегімен шешу жолын ұсынады.
Озық үлгідегі нұсқа ретінде LabVIEW бағдарламасы негізі 3 түрлі долбарда қолданылады. Олардың тағайындамасы керекті деректерді ауқымды түрде жинақтаудан бастап кәсіби бағдарламалық жобаларды жасауға арналған. Қолданушының әр кезде толықтырылған NI виртуалды аспаптар қорын қолдану мүмкіншілігі жылдан жылға ұлғайып келеді. Нәтижесінде санды құрылғыларды және технологияларды, ақпараттық жүйелерді қолданушының жете басқаруына септігі ұлғаяды.
2.png
LabVIEW бағдарламасының сізге керекті нұсқасын салыстыруға және таңдауыңызға, немесе сатып алу шешіміңізді қабылдауға көмек беретін жоғарыда келтірілген суретті талдауыңызды өтінеміз.
_______________________________________
LabVIEW бағдарламалық өнімдерді қолдану

1 Бағдарламалық өнімді сынауды автоматтандыру:
LabVIEW TestStand нұсқасымен байланыстырылған бағдарламаларды сынауға керекті бұл бағдарлама жиынтығы қолданушы сұранысында болатын көптеген құрал-жабдықтарды автоматтандыру мәселесін ұштастырады.
Сатып алу шарттары: http://sine.ni.com/nips/cds/view/p/lang/ru/nid/212457
Осы нұсқаны PXI платформасында жиынтықтар түрінде қарастыру нұсқалары:
http://ohm.ni.com/advisors/pxi/pages/common/intro.xhtml

2 Жасалған бағдарламалық бұйымдарды өнеркәсіпте қолдану:
LabVIEW бағдарламасының бұл нұсқасы нақты уақытта жұмыс істейтін модулдерді жасауға керекті құралдар жиынтығын ұсынады және FPGA технологиясын пайдаланушыларға керекті шешімдер немесе қосымшалардың дизайнды өнеркәсіптік нұсқаларын қолданып, олардың жұмысын қадағалауға мүмкіншілік береді.
Нұсқаны сатып алудың шарттары: http://sine.ni.com/nips/cds/view/p/lang/ru/nid/212456
CompactRIO жүйесінде қолданылатын аталмыш нұсқада жасалынған жиынтықтардағы құрылғыларды келесі доменде қарай аласыз:
http://ohm.ni.com/advisors/crio/pages/c ... ntro.xhtml

3 Аппараттық нұсқаулау және бағдарламаларды нақты уақытта тестілеу:
LabVIEW-ті VeriStand-пен ұштастыра отырып нақты уақытта FPGA модулімен біріктірілген осы нұсқасы арнайы (HIL) құралдар топтамасында нұсқаулауды және жасалынған моделді нақты уақытта тестілеуді қарастырады.
Нұсқаны сатып алудың шарттары:
http://sine.ni.com/nips/cds/view/p/lang/ru/nid/212458
PXI платформасында жинақталған жиынтықтар жүйесінде бұл нұсқаны баптау жолы:
http://ohm.ni.com/advisors/pxi/pages/common/intro.xhtml

4 NI Bundle бағдарламалық платформа:
Бұл платформадағы бағдарламаның құны 18000 доллардан басталады. Платформа NI-дың әртүрлі алаңдарындағы бағдарламалық қамтамасыздандыруларын қолдануға рұқсаттама ұйымдастырады. Жасалған жұмыс қорытындысында шынайы және виртуалды аспаптар қосымшаларының кез-келген құрамын жасауға мүмкіншілік туады.
Әр түрлі ортада қолданушының бағдарламарын жасау, соның ішінде LabVIEW Professional, LabWindows™/CVI Measurement Studio нұсқаларын түбегейлі қолдану мүмкіншіліктері де қолданушыны қызықтырады. Шынайы уақыт аралығында жұмыс істейтін TestStand бағдарламасы VeriStand-пен біріктіру арқылы автоматтандырылған тест жүйелерін құру мүмкіншілігі де қарастырылған.
Бағдарламаны сатып алу шарттары: http://sine.ni.com/nips/cds/view/p/lang/ru/nid/213242
Бұл нұсқаны қолдану үшін келесі бағдарлама пакеттерімен ұштастыру ыңғайлы: Software Platform Bundle, LabVIEW, LabVIEW арнайы қосымша құрамдары, LabWindows / CVI, Measurement Studio, TestStand, VeriStand, Service SSP
Келесі доменге көңіл аударыңыз: http://www.ni.com/product-documentation/52892/en/

5 LabWindows / CVI нұсқасы. Бұл бағдарламаға күрделінген қосымшаларды жасауға керекті біріктірілген өңдеу ортасы кіреді. ANSI С бағдарлама стандартына бейімделген арнайы аспаптар жиынтығы қолданушының бағдарлма бұйымын тестілеу және оны басқарудағы пайда болған проблемалық мәселелерді шешу мен жою әдістері болжанады.
Пакетті сатып алу шарты: http://www.ni.com/lwcvi/buy/
LabWindows / CVI ортасын баптау амалы қолданушының жасаған бұйымын кәсіби деңгейге жеткізуін жеңілдетеді.
- LabWindows/CVI Base (деректерді бейнелеу) – кіріс-шығыс аппараттық құрылғы және жасалынатын қолданушылық графика интерфейстерін жинақтайтын аппараттық құралдар;
- LabWindows / CVI Full (мәліметтерді талдау және олардың мәндерімен алмасу) – замануи санды дабылдар мен өңдеулердің уақытша тәуелді ақауын табу қызметі жинастырылған жадылы құрылғылар;
- LabWindows / CVI Automated Test Suite (тестілік жүйелерді құрастыру) - TestStand арқылы құрылған және басқа алаңда жасалынған құралдарды сынақтау бағдарламасы. Labwindows ™/CVI Windows нұсқасының құны 1600 $.

Нұсқада жасалынатын қызметтер тізімі:
- нақты уақытта жұмыс істейтін кестелер мен кеңейтілген 2D диаграммалары;
- IVI, VISA, DAQ GPIB бағдарламалары және құрылғыларымен толық үйлесімділігі;
- статистикалық деректермен жұмыс істеу, дабылдарды өңдеу, виртуалды аспап-құралдарды құру, жекелестіру және тораптық тәуелділіктерді біріктіріп ұйымдастыру;
- жеңілдетілген кросс-алаңдар және тораптық байланыстарды өзара жанастыру;
- белгісі бар LabWindows Microsoft корпорациясы лицензиясын барынша толық пайдалану.

6 Measurement Studio нұсқасы. Visual Studio құрамындағы бағдарламалар үшін арнайы құрылған бұл нұсқа жинақталынған өлшеулерді ұйымдастыруға керекті .NET шешіміме сай виртуалды аспаптарды құрудың арнайы тәсілі болып саналады. Бұл жүйе бағдарлама жасауға арналған құрылғылар мен технологиялар, оларды Microsoft Visual Studio .NET Framework өнімдерімен қолдануды арттырады және осы ортада санды тестілеу, өлшеу және басқару мүмкіндігін кеңейтеді.
Нұсқаны сатып алу шарттары: http://www.ni.com/mstudio/buy/
Бұйымды қолдану мысалы: http://www.ni.com/mstudio/download/
__________________
Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандырулар:

1 Тестілеу әрекетін ұйымдастыратын TestStand бағдарламасы. Бұл бағдарлама TestStand технологиясымен автоматтандырылған сынақ жүргізу тәсіліне арналған. Бағдарламалық жасақтама үшін арнайы әзірленген инженер-сынақшылар сынақтар өткізу рәсімдерін орындауға және пайдаланылатын бағдарламалық кодты автоматты түрде кез-келген бағдарлама тілінде әзірлеу үшін қолданылады (G LabVIEW, C++).
2 Деректерді басқаруға керекті DIAdem бағдарламасы. DIAdem бірыңғайлы бағдарламалық құрал – бұл бағдарлама алгоритмді жылдам орындалатын машина кодына айналдыру жолын қарастырады және қолдануға керекті күрделі есептерді талдау, оқшаулау, тиеу, шешу, деректермен біріктіру тәсілдерін жинақтайды.
3 VeriStand шынайы уақытта тестілеу. DIAdem-мен бір ортада жұмыс істейтін бағдарламалық құрал – қолданушы бағдарламасын бапату арқылы жылдам іске қосу амалдары жинақталған.
4 Сұлбаларды жобалайтын MULTISIM бағдарламасы. Бұл ірі инновациялық технологиямен жасалынған электронды сұлбаларды жобалау үшін жасалынған құрал. Техникалық университеттердегі мамандардың, өнеркәсіптегі инженерлердің, оқытушылардың және білім алушылардың аса жиі қолданылатын бағдарламасы.
5 Vision Builder for Automated Inspection – бағдарламаны жасауда пайдаланылатын аса қарапайымды компьютерлік бағдарлама. Жасалынған бағдарлама кескінін жылдам өңдеу арқылы оның жұмысын тексеруден алынған нәтижелер негізінде қолданушы алгоритмдерін дербес өзі бағдарламаға айналдырып пайдалануға мүмкіндік жасайтын құрал. Нәтижесінде Vision Builder AI ортасында қолайлы шешімдер қабылдауға және интерфейстер мен желілер арқылы жасалынған бағдарламаны бейнелеп көру және орындалған алгоритмді өндірісте қолайлы интерфейстермен іске асыруды көздеген бағдарламалы құрал.
6 Signal Express мәліметтерді тіркеу жүйесі. Signal Express – бұл интерактивті бағдарламалауды керек етпейтін мәліметтерді уақыт аралығында тіркеп, ақпаратты жылдам жинақтап, талдап, бейнелеп көрсететін қосымша құрал. Өз құрамында жүздеген құрылғылар мен аспаптардың көмегімен деректерді жинақтайтын жүйелі орта.
7 Байланысты басқаратын SWITCH EXECUTIVE. Switch Executive – байланыстарды және желілерді басқаратын интеллектуалды бағдарламалық қосымша. Бұл бағдарлама қолданушының жасаған өнімін тестілеуді үдетеді және күрделі байланыс жүйелеріндесол өніммен қызмет көрсету үдерісінің жұмысын жеңілдетеді.
8 REQUIREMENTS GATEWAY талаптарды бақылау қызметі.
Requirements Gateway бағдарлама нұсқасында тұжырымдалған техникалық талаптарды таңдалынған аспаптармен өлшеу арқылы бақылау жасайтын және NI платформаларының ортасында LabVIEW, TestStand, LabWindows/CVI, Telelogic DOORS, MATRIX спецификацияларын қолданып баңдарлама жасайтын арнайы кешенді құрал.
9 NI InsightCM™ ENTERPRISE. Нақты уақытта аппаратты жабдықтардың жұмысын бақылайтын арнайы InsightCM Enterprise құралы. Оның тағайындамасы – жасалынған бағдарламаларды және виртуалды аспаптарды диагностеу, олардың жұмысын бақылау.
_________________________
5 Аппараттық палтформалар.

1 PXI. NI технологиялары саласындағы жаңа стандартты шешімдердің бір жолы – PXI цифрлық қондырғылармен өлшеу үдерістерін автоматтандыру мен тестілеу бағдарламалық қосымшаларды жасайтын орта. Қолданушының компьютері арқылы үлкен шамадағы тоқ жиілігін санды мультиметрмен және басқа виртуалды аспаптармен өлшейтін құрылғы. Оның жеке құрылымдары радиодабылдарды 26 ГГц-ке дейін тіркеу қызметін атқарады, құрамында модулденген шынайы және виртуалды аспаптар, байланыстыру құралдарымен және өлшеу қабілеті жоғары деңгейдегі арнайы жинақталған өндіріс ортасында жұмысқа аса бейімді құралдармен жинақталған.
National Instruments компаниясы радиодабылдарды тіркеу және оларды өңдеу саласында бүкіл әлемге әйгілі өндірістік орта. Қазіргі заманда компания таратқан санды құрылғыларының мөлшері 1500-ден астам екені де белгілі, PXI модульдік аспаптар 70-тен астам шетел өндірістерінде жиі қолданылады.
Модульдік платформа ретінде пайдаланылатын PXI іргелі аппараттық-бағдарламалық замануи жаңа өнімдер мен құрылымдар «NI LabVIEW» оқу орталығында зертханалық жұмыстар мен зерттеулер жүргізуде және тестілеу жүйесінің бақылау-өлшеу жүйешелерін қолдануда аса жиі сұраныста болып отыр. PXI платформасы ашық түрде жинақталған құрылымдарды біріктіріп қолдануға, олармен күрделі тәжірибелер өткізуге орынды мүмкіндік береді. Тек оқу үдерісінде қолданып қана қоймай, тіпті магистранттар мен докторанттардың ғылыми зерттеулерінде қайта бағдарланатын аталмыш платформаның жабдықтарын университеттің оқу үдерісінде пайдалануға беруге керекті автоматтандырылған жұмыс орындары «NI LabVIEW» оқу орталығында жасалынуда. Жақын арада біздің университеттің ұсынысымен және компанияның тікелей қолдауымен «Инженерлік орталық» ашылу рәсімі іске асырылуды күтіп отырмыз.
PXI туралы қосымша мәлімет: http://sine.ni.com/np/app/main/p/ap/glo ... ompactPCI/
PXI
PXI
2 CompactRIO. CompactRIO платформасы күрделіленген жүйелерді бақылау, тексеру және басқару үшін қолданатын кешен қатарына жатады. Бұл сенімді құрал, құрылымының әмбебап қасиетіне сай шынайы уақытта деректерді тіркеп, сақтап, әрі қарай өңдеу технологиясын орындаудың негізі бола алатын бейпішінді кіріс-шығысы бар модул ретіне әлемге танымал бағдарламалық кешен (RIO) және бағдарланатын логикалық интегралды сұлбалар (ПЛИС) модулдерімен үйлесетін құрылғы.
CompactRIO туралы мағлұматтар: http://www.ni.com/compactrio/
CompactRIO жүйесін жинау туралы: http://ohm.ni.com/advisors/crio/pages/c ... ntro.xhtml
CompactRIO
CompactRIO
3 CompactDAQ. CompactDAQ сан алуан датчиктерден деректер жинау мен олардың кірісіне тағайындалған дабылдарды берудің ең қарапайым құрылғы жиынтығы. Бұл құрылғымен LabVIEW бағдарламасы ортасында деректерді тіркеу, сақтау, бейнелеу, талдау әрекеттерін жылдам түрде орындауға болады. DAQ тұлғасында орындалған бұл жинақы платформада дабылдарды қосу мен түрлендіруді іске асыратын біріктірілген кіріс-шығыс модулдері жинақталады, құрылғылар жиынтығы кез-келген датчик пен жабдық құралдарын тіке байланыстырып өлшемдер жүргізуді қамтамасыздандырады.
CompactDAQ туралы мағлұмат: http://www.ni.com/data-acquisition/compactdaq/
CompactDAQ жүйесін жинау:
http://ohm.ni.com/advisors/compactdaq/p ... ntro.xhtml
CompactDAQ
CompactDAQ
___________________________
Өлшемдер үдерістері мен ғылыми зерттеу жүйелерін автоматтандыратын және өндіріс жүйелерінен деректер жинау модулдер/
hardware_devices.PNG
1 ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ. Ақпараттық жүйелерде жобалардың жұмыс істеу қағидаларының орындалуы физикалық және нұсқаулық түрде ұйымдастырылған тәжірибелерді ғылыми тұрғыда дұрыс орындаумен тікелей байланысты. Сонымен бірге, деректерді жинақтау кезінде сенімді өлшеулер жүргізу де маңызды роль атқарады, өйткені жаңа құбылыстар, бастамалар мен негізгі шешімдер деректерді дұрыс тіркеуге тікелей қатысты болып келеді, соның арқасында тәжірибе орындауға бөлінген уақыт шамасы едәуір қысқарады. Тәжірибе жүргізу барысында қолданушы сенімі төмен деректер мен ақпаратты қабылдамаудың амалын дер кезінде тауып, жобаның біркелкі дұрыс орындалуын қадағалау қажет. Сол себепті сенімді деректерді жинау тәсілдерінің ғылыми тұрғыда дұрыс қойылғанын тәжірибе жасайтын қолданушы әлбетте басында мұқият тексеріп, дабылдар мен ақпаратты кез-келген ортада тағайындалған уақытта дәл өлшеуді қамтамасыздандыру - бұл ғылыми орта мен өндіріс қабырғасында автоматтандырылған зерттеу жүйелерін жоғары деңгейде құрып, оны берілген уақыт аралығында дер кезінде басқарып қолдану маңызды көрсеткішке жататыны баршаға әйгілі.
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университінде құрылған «NI LabVIEW» оқу орталығы NI платформаларында жинақталған құрылғылар мен бағдарламаларды университет оқу үдерісінде жеңіл ұйымдастырып қолдануға мүмкіндік береді және өлшеулерді әртүрлі әдістермен жасау жолдарын білім алушының өзі таңдауға да барлық жағдай жасалынған.
Ол үшін зертханалық жұмыстарда және тәжірибелік сабақтарда келесі жиынтықтарды қолдануға болады:
- деректерді жинайтын көпжүйелі қондырғылар (DAQ);
- есептеуіштер мен таймерлер;
- дабылдар динамикасын талдауға керекті құрылғылар;
- датчиктерге негізделіп жасалынған деректерді жинайтын жүйелер (DAQ);
- санды кіріс-шығыс құрылғылары мен желілері;
- дабылдарды өзара байланыстырып тіркеу мен өңдеу аспаптары.
Біздің университеттің инженерлік мамандықтары аккредиттелінген білім беру бағдарламаларындағы пәндерді білім алушыларға оқуға және зертханалық жұмыстардағы өлшеуге жарамды электрлік дабылдарды, есептеп табылатын бейэлектрлі шамаларды тіркеу мен өңдеу тәсілдері «NI LabVIEW» оқу орталығында толығымен жинақталған, оқытушылардың тәжірибе жүргізу барысында жасалынған әдістемелік оқу құралдары жарияланып ортаықтың сайтында жарияланған. Аталмыш білім бағдарламалары университеттің екі факультетінде онға жуық кафедралар құрамындағы оқытушылар топтарының жарияланымдарымен жүзеге асырылған (ақпараттық технологиялар факультеті және физика-техникалық факультеті).
NI компаниясының ұсынымдарын қолданғыңыз келсе http://www.ni.com/solution-designer/ доменіне назар аударыңыз. Егер аталмыш кафедралардың оқытушылары немесе білім алушылардың сұрақтары пайда болса, компанияның мамандарымен Интернетте тікелей байланысқа шығып қолданушыға керекті сұрақтар мен мәселелерді форумда талқылауға болады.
Сонымен бірге NI өндірген аппараттық платформаларды және бағдарламалық қамтамасыздандыруларды қолдануға байланысты консалтинг қызметтер алуға болатынын атап өткен лайықты.
Бұл қызметтермен пайдалану үшін қашықтағы http://www.ni.com/solution-designer/ және https://www.ni.com/contact-us/ домендеріне шығуды ұсынамыз.
Сондай-ақ арнайы электрондық дүкендер және DAQ жүйесін қолданып өлшемдер жүргізу жұмыстарымен байланысты болсаңыз, келесі доменді шолуыңыз керек: http://www.ni.com/data-acquisition/.
pxi.png
2 Өлшеу аспаптары
Жоғарыда көрсетілген домендер арқылы білім алушылар өздерін қызықтырған тақырып бойынша шолу жасап, дербес дайындалып, содан кейін университеттегі «NI LabVIEW» оқу орталығына келіп келесі тақырыптар бойынша өзіндік жұмыстар немесе зертханалық жұмыстарды орындауға мүмкіншіліктері бар:
- санды мультиметрлерді қолдану,
- жоғарғы жиіліктегі аспаптар мен телекоммуникация қондырғыларын игеру;
- FlexRIO бағдарламалық анықталған аспаптармен танысу;
- дигитайзерлер мен осциллографтардың жұмысын қадағалау;
- дабылдар генераторларының жұмысымен танысу;
- прецизиондық тұрақты тоқ көздерінің техникалық сипаттамаларын игеру;
- жоғарғы жиілікте жұмыс істейтін санды тораптар жұмысымен танысу;
- коммутаторлар;
- аралас құрастырылған және әмбебап аспаптар.
Өлшеу аспаптары туралы толық мағлұматтар: http://www.ni.com/digitalmultimeters/.
123.PNG
3 Басқаруға мен мониторинг жүргізуге керекті қиылыстырылып жинақталған жабдықтар.
Бұл сайт бетінде арнайы бағдарламалар және оларды басқару және мониторинг жүргізу туралы ақпараттар жцне жетілдірілген сенімді құрал-жабдықтардың жұмысы туралы мағлұмат аласыздар.
Білім алушының сұранысына жабдықталған арнайы платформалар мен қиылыстырылып жасалынған жүйелердің арнайы жобасы және ақпаратты тіркеуге жинақталған құралдарды қосу мүмкіншіліктерін университетіміздің «NI LabVIEW» оқу орталығынан табасыздар:
- модулдік қиыстырылып жасалынған жүйелер;
- техникалық бейнелеу (көру) құралдары мен жүйелер;
- сымсыз датчиктер торабы;
- қиылыстырылып электронды дербес тақтайша ретінде құрылған жүйелер;
- интерфейстер мен сенсорлық құрылымдар;
- «ПЛИС» негізіндегі жабдықтар мен құралдар;
- технологиялық үдерістер мен санды жиынтықтарды басқаратын контроллерлер, қоғалтқыштар, приводтар;
- автоматтандырылған жүйелерді бағдарлайтын контроллерлер.
Осыған керекті мағлұматтар: http://www.ni.com/embedded-systems/products/

4 NI ELVIS платформасы.
Бұл платформада инженерлік мамандықтарда 1-2 курста оқитын білім алушыларға лайықтанған пәндерге керекті оқу жабдықтары жинақталған. Жабдықтар нақты көрсетілетін мысалдармен электротехника, микроэлектроника, электронды жиынтықтар мен жүйелер, ақпаратты тіркеп өңдейтін санды құрылғылардың әр өнеркәсіп сұлбалары негіздерімен танысуға мүмкіншілік береді, оларды қарапайым түрде зертханалық жұмыстарды пайдалануға ұсынады. Қорытындысында білім алушы өзінің немесе жеке таңдаған жаңа электрондық сұлбаны қарастырып немесе жасап, оларды тестілеуге мүмкіншілігі артады.
NI ELVIS платформасы «NI LabVIEW» оқу орталығы қабырғасында білім алушының зертханалық сабақтарда қолданатын оқу стендтерінің негізі болып саналады және осы платформада жинақталған құрылғылар электротехника мен электроника негіздерін оқып білуге керекті барлық аспаптар мен бағдарламаларды жинақтау арқылы электроника саласында ұтқыр бұйымдарды іс жүзінде жасауға жол ашады: электрондық жиынтықтармен жасалынған макеттік тақтайша, тоқ көздері, дабылдар генераторлары мен сұлбаны тестілеуге керекті өлшеу аспаптары, т.с.с.
Сонымен бірге өлшеу аспаптарымен жұмыс істеуді үйрену NI ELVIS платформасында білім алушы үшін кәдімгі күнделікті рәсімге айналады: осциллографтар, мультиметрлер, генераторлар, тұрақты және айнымалы тоқ көздері, сан-алуан жиіліктегі дабылдарды бейнелеу т.с.с.
Платформада орналасқан макетті тақтайша тұрықтан жеңіл ажыратылатын болғандықтан, оны басқа пәнге керекті электронды тақтайшалармен ауыстырып білім алушы зертханалық жұмысты бірден бастап кетуіне болады. «NI LabVIEW» оқу орталығында санды электроника және бағдарламалық қамтамасыздандыру саласында қолданылатын көптеген макеттер жинақталған. Оның негізгі салалары: схемотехника, ақпараттық жүйелер, автоматтандыру және басқару, есептеу техникасы, бағдарламылқ инженерия, информатика, радиотехника, электроника, телекоммуникация, механотроника, робототехника, көлік коммуникациялары, жылу техникасы, балама энергетикасы, техникалық физика және т.с.с.
Университеттің инженерлік мамандықтарындағы аккредиттелінген білім бағдарламалары пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінде осы платформаларды қолдану нұсқаларын National Instruments компаниясының инженерлері мен арнайы мамандары өз сайттарындағы форумдар арқылы тұрақты қолдау жасап, оқытушыларға керекті тұсаукесер мен әдістемелік материалдарды таратып тұрады және пән тақырыптарына арналған вебинарларды жүргізу тұрақты шараларға айналуда.
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетте құрылған оқу зертханаларымен ынтымақтық қарым-қатынас жасап жүрген кафедра ұжымдарының мүшелері өздерінің дербес әдістемелік практикумдарын жасауда және NI ELVIS платформасында жасалынған зерттеулерді орталықтың сайтына үздіксіз орналастыруда. Көптеген оқытушылар National Instruments компаниясының регион аралық өкілдіктерімен бірігіп электроника мен робототехника, ақпараттық технология мен инженерлік бағдарламалар саласында әртүрлі зерттеулер мен ізденістерді орындап, оны вебинарларда көрсетіп жүргені мәлім.
Қазіргі таңда оқу орталығының сайтында NI ELVIS II платформасында зертханалық жұмыстарды істеу мен зерттеулерді жүргізуге арналған бірнеше жарияланымдар мен құлақтандырулар жарық көруге дайын.
4.PNG
_______________________
6 Пайдалы сілтемелер:
- университеттегі «NI LabVIEW» оқу орталығының сайты http://www.ni.enu.kz;
- National Instruments компаниясының Ресейлік өкілдігінің сайты http://ni.com/russia;
- Ресейдегі LabVIEW сайты мен форумы http://labview.ru/;
- NI LabVIEW бағдарламасының арнайы шеру долбары http://ftp.ni.com/evaluation/labview/ek ... loader.exe;
- NI Multisim бағдарламасының арнайы шеру долбары ftp://ftp.ni.com/evaluation/EWB/NI_Circ ... _1_Edu.exe;
- NI Multisim-нің «русификаторы» http://digital.ni.com/worldwide/russia. ... DB00253615;
- орыс тілінде жарияланған NI ELVIS аспаптары http://digital.ni.com/worldwide/russia. ... 8D0022001B;
- тегін оқу курстары мен практикумдар
- LabVIEW бойынша кітаптар http://digital.ni.com/worldwide/russia. ... =201486_ru;
- NI гранттары мен конкурстар;
- Youtube арнасындағы NI беттері http://youtube.com/user/nirussiavideo;
- NI туралы кітапшалар мен жарнама проспектілер;
- орыс тіліндегі NI техникалық құжаттары;
- Multisim 11 бағдарламасының сынақты долбары http://ftp.ni.com/evaluation/EWB/NI_Cir ... cation.exe;
- Windows 32 bit платформасындағы LabVIEW 2010 бағдарламасы http://ftp.ni.com/evaluation/labview/ek ... loader.exe;
Дорогу осилит идущий.
kenzhessov.kainarbek
interested
interested
Сообщения: 8
Зарегистрирован: 01 июн 2016, 19:36
Версия LabVIEW: 8.6
Контактная информация:

Re: «NI LabVIEW» оқу орталығы

Сообщение kenzhessov.kainarbek »

Классно!)))
Кенжесов Кайнарбек
Ответить
  • Похожие темы
    Ответы
    Просмотры
    Последнее сообщение

Вернуться в «Жалпы»